2017-2018 оқу жылындағы «Қамқоршылық» кеңесінің І жартыжылдықта атқарылған жұмыстарының есебі » Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2017-2018 оқу жылындағы «Қамқоршылық» кеңесінің І жартыжылдықта атқарылған жұмыстарының есебі
07
январь
2018

2017-2018 оқу жылындағы «Қамқоршылық» кеңесінің І жартыжылдықта атқарылған жұмыстарының есебі

2017-2018 оқу жылындағы «Қамқоршылық» кеңесінің
І жартыжылдықта атқарылған жұмыстарының есебі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 44 бабының 9-тармағы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы және Алакөл аудандық білім бөлімінің №505-ө бұйрығы негізінде «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі» КММ-сі 2017 жылдың 22 қыркүйегінде №102-1-ө бұйрығы негізінде мектепішілік «Қамқоршылық кеңесі» құрылды.
Мектепте «Қамқоршылық» кеңесі құрылып, мүшелері сайланды.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері:
1. Адильбекова Айгуль Салкумбаевна /Жеке кәсіпкер/- қамқоршылық кеңесінің төрағасы.
2. Мұқанов Әділғазы Мұқанович /Жеке кәсіпкер/- қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
3. Садинова Мария Жановна /Жеке кәсіпкер/- қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
4. Вишняков Марат Махмутович /Жеке кәсіпкер/- қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
5. Абузяров Фархат Таирович /Лепсі Бал өнімдері-зауытының директоры/- қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
6. Баянбаев Адам Базарбаевич /Жеке кәсіпкер/- қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
7. Бахтияров Тауфик Ахманбекович /Жоңғар Алатау мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің Лепсі филиалының директоры/- қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
8. Хавкей Асқар /Жеке кәсіпкер/- қамқоршылық кеңесінің мүшесі.
9. Мусатаева Индира Омурбековна-Хатшы.
«Қамқоршылық» кеңесінің іс шара жоспары бекітіліп, қыркүйек айында мөлтек аудан бойынша әлеуметтік қамқорлыққа алынатын оқушылардың тізімін сынып жетекшілерімен бірлесе диагностика жасалып, оның ішінде жетім, жартылай жетім, оралман, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балалары анықталды. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды, аз қамтамасыз етілген отбасы және көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар оқулықпен қамтамасыз етілді. Мектеп асханасын жалдаушысы тарапынан келісімшарт құрылып, оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Қазан айында қамқоршылар кеңесі мектеп әкімшілігімен және сынып жетекшілермен бірлесе ҚР «Баланың құқығы туралы» Заңы мен БҰҰ «Баланың құқықтары туралы» халықаралық конвенцияны және ҚР «Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы Заңы» оның ішінде ата-ананың міндеті талқыланды.
Қамқоршылар кеңесі мен мектеп әкімшілігі бірлесе отырып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың үйлеріне тұрғын-жай актісі жүргізіліп, атында мүлкі бар немесе жоқтығын, оның сақталуын анықтап, аз қамтамасыз етілген отбасы, көпбалалы отбасы және жартылай жетім оқушылардың үйлеріне тұрғын-жай актісі жүргізілді.
Қараша айында педагог-психолог Р.Токпаев жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтамасыз етілген отбасы, көпбалалы отбасы және жартылай жетім оқушылардың әлеуметтік-психологиялық диагностика жұмыстарын атқарды. Қараша айында мектепішілік 6- 11 сыныптар оқушылары арасында өткізілген «Үздік би байқауы-2017» сайысына қамқоршылар тарапынан 25 000 мың теңгеге сыйлықтар табысталды.
Желтоқсан айында қамқоршылар кеңесі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы оқушыларды жаңа жылдық шыршаға алып бару және мерекелік сыйлықтар ұйымдастырды.