Қамқоршылық кеңесінің отырысы № 5 хаттамасы » Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесінің отырысы № 5 хаттамасы
27
февраль
2018

Қамқоршылық кеңесінің отырысы № 5 хаттамасы

Қамқоршылық кеңесінің отырысы № 5 хаттамасы

Өткізілген уақыты: 15.02.2018 ж.
Отырыстың басталуы: 16:00
Отырыстың аяқталуы: 16:40
Отырыстың төрағасы:

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы-Адильбекова А.С.

Қатысқандар:
Мектеп директорының м.а. Д.Кобжасарова
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері:
Мұқанов Әділғазы Мұқанович
Садинова Мария Жановна
Вишняков Марат Махмутович
Абузяров Фархат Таирович /
Баянбаев Адам Базарбаевич
Бахтияров Тауфик Ахманбекович
Хавкей Асқар
Қатыспағандар: Жоқ
Күн тәртібінде:
- Республикалық «Қамқорлық» акциясы айлығының қорытындысы;

Тыңдалды:

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Адильбекова Айгуль Салкумбаевна Республикалық 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтілген «Қамқорлық» акциясы айлығының қорытындысы жайлы ақпаратын берді. Акция барысында жергілікті ЖШС мен ауыл әкімдігіне хабарлама хат жолданып, аз қамтылған, көпбалалы, жетім, жартылай жетім отбасы балаларына көмек көрсетілгендігі жайлы айтып кетті. Акция барысында мектеп жасындағы 6 оқушыға көмек көрсетілді. Оның ішінде Залесский Глеб (аз қамтылған) 2 сынып оқушысы «Жоңғар Алатау» ұлттық паркінің ұжымы 21500 (жиырма бір мың бес жүз) теңгеге қыстық сырт киім мен аяқ киім, бас киім алып берді. Сол сиақты Қазиз Мадиярға (жартылай жетім) 5000 (бес мың) теңгеге Лепсі шекара бекетінің тәрбие және әлеуметтік құқықтар ісі жөніндегі орынбасары Жақсылық Нұрсултан Маратович көмек көрсетсе, Зайцев Александр (аз қамтылған) 10 сынып оқушысына Лепсі ауылдық округінің әкімдігі 10000 (он мың) теңгеге оқу-құрал жабдықтарын әперді. Лепсі спорт-интернат ұжымы Жармуханбет Ильясқа 7 сынып оқушысы 10000 (он мың) теңгеге спорт киімін әперді. Лепсі ауылдық ауруханасы Айбекқызы Арна мен Айпрыкинов Артемға (аз қамтылған ) 3600 (үш мың алты жүз) теңгеге қыстық жылы шұлықтар әперді. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Айгуль Салкумбаевна осындай балалар әрдайым көмекке мұқтаж екендігін және отбасы жағдайларының төмен болуына байланысты көмек көрсетілу керектігін айтып кетті.
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Хавкей Асқар Айгуль Салкумбаевнаның сөзіне қосылып, әрдайым қамқоршылар тарапынан да көмек көрсетілетіндігі жайлы айтып кетті.

Шешім: Жиналған қаражат отбасы жағдайлары төмен, яғни статустағы балаларға көмек табысталсын.
Қамқоршылар тарапынан үнемі көмек көрсетілсін.




Хатшы: Мусатаева И.О.