Өзін өзі бағалау » Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
ноябрь
2022

Өзін өзі бағалау

Білім беру ұйымының толық атауы: «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі ОМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы және нақты орналасқан жерінің мекенжайы): Қазақстан, Алматы облысы, Алакөл ауданы Лепсі ауылы О.Жандосов көшесі25 үй, пошта индексі 040230

Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электронды пошта, web-сайт): телефон8777 320 27 27,электронды поштаlepsinskom@mail.ru, web-сайт: http://lepsi.alakol.edu.kz/


Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері 

Курмангалиева Гульжан Рамазановна, Алакөл аудандық білім бөлімінің 15.02.2016 жылғы №7-ж/қ бұйрығы негізінде тағайындалды.

Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі):

ЖАРҒЫСЫ.

Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған 

қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон): 17.02.2021 жылғы №KZ26LAA00023886 


2. Оқыту нәтижелерінде бағдарлана отырып бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұнына қойылатын талаптар.

1)

Білім беру ұйымының жылдық жұмыс жоспарының болуы және МЖМБС талаптарында айқындалған жалпы орта білім берудің базалық құндылықтарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі.

Талдау нәтижелері: осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу мынаны көрсетті:

Білім беру ұйымының 2021-2022 оқу жылына оқу-тәрбие жоспарлары ұсынылған. 2021 жылғы 31 тамыз күнгі №1 педагогикалық кеңестің шешімімен бекітілген. Білім беру ұйымының оқу жылына жан-жақты талдау жүргізілген, оқу жылына көрсетілген оқу-тәрбие жоспарының құрылымы VI бөлімнен тұрады. 2020-2021 оқу жылына  талдау бар, SWOD анализі жасалынған.  Жұмыс тәртібі мен оқу кезеңдері көрсетілген. 2021-2022 оқу жылының оқу-тәрбие жоспары ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығына негізделіп жасалған. 

2021-2022 оқу жылына мақсат пен міндеттері қойылған. 

1-бөлім:«Ақпараттық-сараптамалық бөлім».

2-бөлім:«Ұйымдастыру-басқару қызметі», «Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және басқару»

3-бөлім:«Әдістемелік жұмыс жүйесі».

4-бөлім:«Тәрбие жұмысының жүйесі». 

5-бөлім:«Мектепішілік бақылау жүйесі». 

6-бөлім:«Мектептің материалдық-техникалық базасы».

Қосымшасында мектеп кітапханасының, психологиялық қызметтің,  дефектолог, логопед, педагог-ұйымдастырушы мен әскери-патриоттық тәрбие беру бағытындағы жоспарлар ұсынылған. Білім беру ұйымының айлық циклограммасы көрсетілген, ұйымның өзекті мәселесі: «Мұғалімнің кәсіби даму құзыреттілігін жетілдіре отырып, әрбір оқушының жеке даралық қабілетін ашу арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, функционалдық сауаттылығын дамыту». 

Сонымен қатар 2021-2022 оқу жылында мектепішілік 1 жоба ұсынылған. Мектептің оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарындағы мектепішілік бақылау бойынша бұйрықтары, қорытындылары, педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес, әдістемелік кеңес отырыстарын растайтын құжаттар көрсетілген. Ұсынылған ағымдағы оқу жылының оқу-тәрбие жоспарында тәрбие жұмысының, педагог-психологтің жылдық жоспарлары №472 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес. 


Қорытынды: МЖМБС-ның  1-қосымша, 2-тарау, 5-тармағының, 2-қосымша, 2-тарау, 4,5,6,7,8,9-тармағының талаптарына сәйкес келеді.

2)

Білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген (НҚА мемлекеттік тіркеу тізімінде №8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі ЖББ ҰОЖ) және МЖМБС талаптарына сәйкестігі. Талдау нәтижелері: осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу мынаны көрсетті:

мектептің оқу  жоспары мен сабақ  кестесі     мектеп директорымен бекітілген. 

«Kundelik.kz» электрондық платформасында 2021-2022 оқу жылының     сабақ кестесі  мектеп директорымен бекітілген және жүктелген.

2021-2022 оқу жылында 1-4 сынып-5 сынып-комлекті, 

5-9 сынып-12 сынып-комплекті, 

10-11 cынып-8 сынып-комплекті, жалпы 25 сынып-комплект. 

7-11 қазақ сыныптары 2021-2022 оқу жылына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығы «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту негізінде сабақ кестесі құрылған және бекітілген. Жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдары топтарының (сыныптарының) толтырылуы осы санитарлық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылданған. "Білім беру объектілеріне  қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес апталық оқу жүктемесі көрсетілген нормалардан аспаған. 

Бастауыш сыныпта қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмеген. Мектептің сабақ кестесі негізгі және факультативтік сабақтар үшін жеке жасалған. Факультативтік сабақтар міндетті сабақтардың саны барынша аз күндері жоспарланған. Жалпы білім беру ұйымдарында сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспаған. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының "сатылы" режимін қолданылған. Қыркүйекте үш сабақ 35 минуттан, қазаннан бастап 45 минуттан жоспарланған. Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған жаттығулар өткізілген. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығына сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – орыс тілі мен әдебиеті,  шетел тілі,     көркем еңбек,  информатика,  цифрлық сауаттылығы, өзін-өзі тану, дене шынықтыру екі топқа бөлінген. 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығы «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту негізінде сабақ кестесі құрылған. 


Қорытынды: «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604, «Қазақстан Республикасынындағы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрықтарымен сәйкес келеді.

3)

Жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларында (бұдан әрі – ЖББ үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын инвариантты компонент пәндерінің базалық мазмұнын игеру;

Талдау нәтижелері осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу мынаны көрсетті: үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентінің орындалуын растайтын 2021-2022 оқу жылына арналған сабақ кестесі, жұмыс оқу жоспары жинақталған, электронды журналдар толтырылған, сағат сандары оқу жоспарына сәйкес келеді. Бағаланатын кезеңнің оқу жылдарында оқушылардың апталық инварианттық компоненттегі оқу жүктемелері "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген максималды көлеміне сәйкес. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 415 бұйрығының 1-қосымшасы қазақ сыныптарына 1-4 сыныптардың апталық жүктемелері  4 «А» сыныбында - 26 сағат,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 415 бұйрығының 2-қосымшасы орыс сыныптарына 1 сыныпта-22,5, 2 сыныпта-24, 3 сыныпта-27, 4 сыныптарда - 28 сағат.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 415 бұйрығының 2-қосымшасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығы негізінде 5 орыс сыныпта – 31, 6 орыс сыныпта -31, 7 қазақ сыныпта -  32, 7 орыс сыныпта-34, сағат, 8 қазақ сыныпта – 35сағат, 8 орыс сыныпта-36, 9 сыныпта -  36сағат, 9 орыс сыныпта-37 сағат, 

10 «А» ҚГБсыныпта -  37сағат,

10 «Б» ЖМБсыныпта-37 сағат, 

10 «В» орыс ЖМБ сыныпта-37, 10  «Г» орыс ҚГБ сыныпта-37 сағат, 11 «А» ҚГБқазақ сыныпта -  35сағат, 11 «Б» ЖМБ қазақ сыныбында-35 сағат, 11 «Г» ҚГБ орыс сыныбында -35 сағат, 11 «В» ЖМБ орыс сыныбында 41 сағат болып бекітілген.      Осылайша, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптардан аспайды.


Қорытынды: «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен сәйкес келеді.

4)

Білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру

Талдау нәтижелері: осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу мынаны көрсетті:

Мектептің 2021-2022 оқу жылдарына арналған тәрбие жұмысы бойынша жұмыс жоспарлары бар. Құжаттарды зерделеу барысында тәрбие жоспарларында оқушылардың субъективті жаңа білімді тану және меңгеру мәселелерін шешуге, ұлттық салт-дәстүрді, мәдениетті зерделеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған іс-шаралар 8 бағыт ішінде көрсетілген және жоспарланған. 

1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие; 

2. Рухани-адамгершілік тәрбие; 

3. Ұлттық тәрбие; 

4.Отбасылық тәрбие; 

5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие; 

6. Зияткерлік тәрбие құндылығы; 

7. Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие; 

8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

2021-2022 оқу жылында мектеп жасына дейінгі және балалардың және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін – өздері танытуларына, әлеуметтенуі, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау мақсатында жұмыстар атқарылуда. Сынып жетекшілердің бірлестігінде 25 сынып жетекші жұмыс істейді.  Тәрбие ісіне байланысты нормативті құжаттар, нұсқаулық хаттар, мектепішілік тәрбие жоспарларының жоспарлануы, құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-анамен жұмыс, үйірмелердің өтуі, тәрбиелік бұрыштардың безендірілуі, сынып сағаттарының жоспарлануы және электронды журналға  сынып сағаттарының толтырылуы, іс-шараларының өту формалары, оқушылардың тәрбиелік деңгейін және жалпы жалпы тәрбиеге байланысты өткізілетін іс-шаралардың өту деңгейі қанағаттанарлық.

2021-2022 жылдары мектепішілік есепте 2 оқушы тіркеуге алынған және аудандық ІІБ-де кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлімше есебінде 06.10.2020-06.10.2021жж. аралығында 2 оқушы есепке алынған. Жалпы мектеп оқушылары сабақтан тыс уақыттарда үйірмелермен қамтылған, жүргізілген жұмыстардың құжаттары жинақталған. Сынып жетекшілер мен оқушылар арасында өткізілген жұмыс нәтижелері  жүйеленген. ЖҚТБ-ның, нашақорлықтың, діни экстремизмнің және лаңкестіктің алдын алу жөніндегі іс-шаралары жасалынған. 

         Қазіргі уақытта мектепте оқумен қамтылмай отырған оқушы жоқ. Мектеп пен ата-аналар арасында тығыз байланыс орнатылған. Ата-аналармен жүргізілген жұмыстар бойынша, мектеп жұмысына көзқарастары қанағаттанарлық екендігі анықталды.  Оқыту процесінде әр оқу пәні арқылы тәрбиелеу мәселесі шешіледі. 

Осылайша, мектептің бағаланатын кезеңге ұсынылған тәрбие жұмысы жоспары құрылған және тәрбие жұмысының барлық түрлері білім алушылардың жаңа субъективті тануы мен меңгеруі мәселелерін шешуге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған мәселелерді қамтиды.


Қорытынды: МЖМБС-ның 2-қосымша, 2-тарау, 7-тармағының, 3-қосымша, 2-тарау,15-тармағының, 4-қосымша, 2-тарау, 16-тармағының талаптарына сәйкес келеді.

5

Білім алушылардың рухани-адамгершілік, адамзаттық патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру

Талдау нәтижелері: осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу мынаны көрсетті:

Жалпы мектеп оқушылары сабақтан тыс уақыттарда үйірмелермен қамтылған, жүргізілген жұмыстардың құжаттары жинақталған. Спорттық, шығармашылық және мәдени конкурстарға, жарыстарға, байқауларға қатысу нәтижелері «Білім беру ұйымдарын  бағалау өлшемшарттарын  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №124 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес бағалау жүргізілген. Бағаланатын кезеңде білім алушылар  түрлі     жарыстар мен байқау қорытындысы бойынша келесі нәтижелерді көрсетті. 

2021-2022 оқу жылында «Спорт» бағыты бойынша аудандық-5, облыстық-1,  «Шығармашылық» бағыты бойынша аудандық-1, облыстық-0,  «Мәдени» бағыты бойынша аудандық-1, облыстық-2 оқушы жеңімпаз атанған.

Халықаралық немесе республикалық, спорттық, мәдени, шығармашылық іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің, лауреаттары мен дипломанттарының үлесі 0,26%.

Аудандық немесе облыстық спорттық, мәдени, шығармашылық іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің, лауреаттары мен дипломанттарының үлесі 2%.

Аудандық спорттық, мәдени, шығармашылық іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің, лауреаттары мен дипломанттарының үлесі 0,20%.

Осылайша, білім беру ұйымы рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркем-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін білім алушылар үшін сабақтан тыс іс-әрекеттің әр түрлі формаларын ұйымдастырғаны анықталды.


Қорытынды: МЖМБС-ның 3-қосымша, 2-тарау, 16-тармағы, 4-қосымша, 2-тарау,17-тармағының талаптарына сәйкес келеді.

6)

Білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі)

Талдау нәтижелері: осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу мынаны көрсетті:

Жалпы 10-11 сыныптар саны -  8 сынып, білім алушылар саны –59 оқушы, оның 10 «А»  қазақ, 10 «Г» орыс сыныбын  ЖМ бағыты бойынша, 10 «Б» қазақ, 10 «В» орыс сыныбы –ҚГ бағыттары бойынша білім алады. 11 «А» қазақ сыныбы, 11 «Г» - ҚГ бағыты бойынша, 11 «Б» қазақ, 11 «В» орыс сыныбы ҚГ бағыты бойынша білім алуда. 

Міндетті оқу пәндері мен таңдау бойынша бейіндік оқу пәндерін үйлестіру негізінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытуды жүзеге асырылды; 

2) оқу пәндерін оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлерін үйлестіру негізінде жоғары оқу орындарына түсуге білім алушылардың академиялық дайындығын қамтамасыз етілді;

3) Міндетті оқу пәндерін оқумен қатар білім алушылардың оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлерінде бейіндік оқу пәндерін таңдауы қарастырылды.

4) Бейінді оқыту білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жүзеге асырылды. Осыған байланысты оқытудың екі деңгейінде оқу пәндерін таңдаудың икемді жүйесі жасалынды. Білім алушы қалауынша өздеріне маңызды оқытудың тереңдетілген және стандарттық деңгейлеріндегі оқу пәндерін таңдай алды. Стандарттық деңгейдегі оқу пәндеріне қарағанда, бейінді оқытудың тереңдетілген деңгейдегі оқу пәндеріне сағат саны  бөлінді. Стандарттық деңгейде бейіндік емес оқу пәндері оқытылды.


Қорытынды: МЖБМС-ның 4-қосымша, 2-тарау, 9/1,13,14-тармағының және ЖББ ҮОЖ-ның талаптарына сәйкес келеді.

7)

Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту процесін ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспарлары мен көшірмелерін ұсыну 

Талдау нәтижелері:

2021–2022 оқу жылында ерекше білімді қажет ететін оқушылармен ерекше білімді қажет ететін оқушылармен педагогикалық-психологиялық қолдау қызметінің жұмысы ұйымдастырылған. 

Мақсаты: психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін негізге ала отырып, ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыстың кешенді түрде жүргізілуіне пән мұғалімдері, ата-ана және арнайы мамандардың бірлесе отырып нәтижеге жетуі.

Міндеті:ППҚҚ мамандарының,мұғалімдерінің, ерекше білімді қажет ететін оқушылар ата-аналарының өзара әрекеттесу алгоритмі арқылы жүзеге асыру. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне иклюзивті білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңына     2021 жылғы 26 маусымдағы №56-VII ҚРЗ негізінде  сәйкес.     Қыркүйек айының соңында мектеп бойынша ерекше білімді қажет ететін оқушылардың сынып жетекшілері және пән мұғалімдеріне жұмысты түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді, түсіндірме жұмыстары атқарылды, әдістемелік нұсқаулықпен таныстырылып, құжаттар үлгісі берілді. Осы әрбір үлгіні оқушы, ата-аналар және сынып жетекшілері өз мерзімінде толтырып құжаттар тіркеліп отырды. Оқу жылының басында 1 оқушы, ал оқу жылының соңында 1 оқушымен аяқтадық. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4 бұйрығына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары туралы және жалпы ережелеріне сәйкес құжаттар жүргізілді.


Қорытынды: МЖМБС-ның 2-қосымша, 4-тарау, 67-тармағының, 3-қосымша, 4-тарау, 80-тармағының, 4-қосымша, 4-тарау, 86-тармағының және ЖББ ҮОЖ-на сай денсаулығына байланысты үйден оқытылатын және ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен педагогикалық-психологиялық қызметінің жұмысы талаптарға сәйкес жүргізіледі. 

8)

ЖББ ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарын іске асыру

Талдау нәтижелері:осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу мынаны көрсетті:

      Білім алушылардың вариативті компоненттің факультативтері мен таңдау курстарынан тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі оқу жұмыс жоспарында белгіленген. Бағаланатын кезеңге мектептің бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп құрылған оқу жұмыс жоспарларында, сабақ кестелерінде, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларда, сынып журналдарында вариативтік компоненттердің оқыту іске асырылған. «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №124 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес бағалау жүргізілген. Білім беру ұйымының ұсынылған өзін-өзі бағалау өлшемшарттарын талдау барысында зияткерлік олимпиадалар мен конкурстардың қорытындылары бойынша бағаланатын кезеңде білім алушылар келесі нәтижелерді көрсетті:

2021-2022оқу жылы бойынша жалпы оқушы саны -355.

Пән олимпиадасының жеңімпаздары: аудандықпән олимпиадасының жүлдегерлер саны-4,облыстық кезеңнің пән олимпиадасы бойынша жүлдегерлері жоқ;

Ғылыми жобалардың жеңімпаздары: аудандық кезең-0, облыстық ғылыми жоба, Зерде байқауының жүлдегерлері -0; 

Басқа да түрлі байқаулардың жеңімпаздары: аудандық байқаулар-3 оқушы; облыстық байқауларға қатыстырылған оқушы саны- 5; республикалық байқауларға қатыстырылған оқушылар саны-5;

Өңірлік немесе облыстық зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының, жүлдегерлерінің үлесі-9,27 % құрайды. Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға қатысу нәтижелері «ortasha» деп есептеледі.


Қорытынды: МЖМБС-ның 2-қосымша,41-тармағының, 3-қосымша, 3-тарау, 55-тармағының, 4-қосымша, 3-тарау, 49-тармағының және ЖББ ҮОЖ-ның талаптарына сәйкес келеді.

9)

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» міндетті оқу курсын зерделеу

Талдау нәтижелері: осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу мынаны көрсетті:

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Өмір қауіпсіздігінің негіздерін» оқыту сабақтары уақытында жүргізіледі. Оқу курсының мазмұнын 1-4 сыныптарда «Дүниетану» оқу пәнінің шеңберінде жылдық оқу жүктемесі 1-3 сыныптарда 6 сағаттан, 4 сыныпта 10 сағаттан, 5-9 сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен, 10-11 сыныптарда «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық     жылдық оқу жүктемесімен оқытуымен іске асырылады. 

Мектеп бойынша бағаланатын кезеңдегі күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды, сабақ кестелерін, электронды күнделікті тексеру барысында 1-11 сыныптарда бастауыш сынып, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсын жүктемеге сәйкес орындаған. 2021-2022 оқу жылдарында берілген сағаттық жүктеме негізінде жоспарланып, өткізілген.


Қорытынды: МЖМБС-ның 2-қосымша, 2-тарау, 24-тармағының, 3-қосымша, 4-тарау, 75-тармағының талаптарына сәйкес келеді.

10)

«Жолда жүру ережелерін» міндетті оқу курсын іске асыру

Талдау нәтижелері:  осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу мынаны көрсетті:

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Жолда жүру ережелері»  оқу курсының мазмұнын 1-4 сыныптарда 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта сынып жетекшілері жылдық жұмыс жоспарында тақырыптары мен мерзімін көрсете отырып, іске асырады. Сонымен қатар, 5-8 сыныптарда сыныптан тыс уақыттарда және сынып сағаты есебінен 10 сағат көлемінде жүргізіледі, электрондық журналға сабақтың тақырыбы мен сабақтың өткізілген күні көрсетіліп жазылады. Мектептің ұсынылған «Жолда жүру ережелері» оқу курсының бағарламаларына, сынып жетекшілердің жылдық жұмыс жоспарларына, 1-8 сынып журналдарына талдау жүргізіліп, қорытындысында мектеп бойынша жолда жүру ережелерін оқытуда мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты орындалып отырғандығы анықталды. 2021-2022 оқу жылдарында     «Жолда жүру ережелері» барлық 1-4     сыныптарда 6 сағаттан,  5-8 сыныптарда 10 сағаттан жоспарланып жүргізілген.


Қорытынды: МЖМБС-ның 2 2 қосымша, 2-тарау, 25 тармағы, 3-қосымша, 2 тарау, 35-тармағы талаптарына сәйкес келеді.

11

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәлімет (10 қосымша): 2021-2022 оқу жылында негізі жұмыс орны болып табылатын     педагогтің 5 бастауыш сынып мұғалімдерін құрайды, оның ішінде    педагог-модератор - 2,  педагог-сарапшы-1, педагог-зерттеуші-2. Жалпы бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары және бірінші санаттағы, педагог-модератор, педагог-сарапшы мен педагог-зерттеуші педагогтердің үлесі олардың жалпы санынан 11,1% құрайды.

5-11 сынып мұғалімдерінің саны-40, жоғары санатты-2, педагог-модератор- 13, педагог-сарапшы-5, педагог-зерттеуші-7. Олардың жалпы санынан 67,5 % құрайды. ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №124 бұйрығының 2-қосымшасының 1.2-тармағына сәйкес «uzdik» деп саналады.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пунктің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (11-қосымша):

Мектептің медициналық кабинеті қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Медициналық қызметпен айналысуға №15007461 лицензия 22.04.2015 ж.және №KZ74VBM01868478 лицензияға қосымша (Алғашқы медициналық-санитарлық көмек; дәрігерге дейінгі көмек) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмек және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінен31.08.2022 жылы  алынған.

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (12-қосымша):

жалпы орта білім алушыларына арналған асхана жоқ, буфет бар. Тамақтандыру объектісі санитариялық қағидалар мен нормаларға сай, әр ай сайын асхана жұмысы мен тағам сапасына мониторинг жүргізіледі. Буфетте әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан балаларға 1 реттік тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған, жалпы білім беру қорынан  білім алушыға ал жалға алушы тарапынан 80 оқушыға тегін ыстық тамақ беріледі. СанПинге сай 2 апталық ас мәзірі бекітілген. Ас мәзірі күн сайын ауыстырып отырады.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (13-қосымша):

Мектептің тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісі бар. Тіркелетін жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт бойынша мектеп 3 қабатты үлкен панельден салынған, 1980 жылы 1180 оқушыға арналып салынған типтік мектеп, жалпы алаңы –  3392 шаршы метрді құрайды. Ғимарат функционалдық мақсаттарына сәйкес жиһазбен жабдықталған. Мектеп екі ауысымда оқиды (1-ауысым –  20 сынып, 244 оқушы, 2-ауысым –  5 сынып, 111  оқушы). 

Білім беру процессін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (14-қосымша):

Мектеп интернет желісіне қосылған, жылдамдығы 10 Мбит/с құрайды. Есеп бойынша мектептегі компьютерлік техникалардың саны-93, оның ішінде 2016 жылға дейін- 15 моноблок, 3 ноутбук, 2016 жылы-0, 2017 жылы-13, 2018 жылы-2, 2019 жылы- 5, 2020 жылы-53, 2021 жылы-2  компьютерлік техникалар келген. 2020 жылы келген компьютерлік техниканың стационарлық компьютер-6,  ноутбук-43, планшет-5. Компьютермен жабдықталған 1 информатика кабинеті (компьютер-11) жұмыс жасайды. Жаңа модификациялы биология (24 орындық), 1 мультимедиялық (компьютер) кабинет бар. Мектепте қыздарға арналған технология кабинеті жоқ. Тігін машиналарымен жабдықталмаған және ұлдарға арналған шеберханалар ағашты өңдеу станоктары мен металды өңдеу станоктарымен жабдықталмаған, спорт зал (290 ш.м.),  кітапхана залы (22,6 ш.м.) бар. Сынып бөлмелері, оқу кабинеттері мен зертханаларды қоса алғанда -20, оның оқу кабинеті-20, зертханалар саны-2. Мектепте ұлдар, қыздарға арналған ішкі әжетханалар жұмыс істейді. Бейнебақылау камералары мектептің ішінде және сыртында орнатылған (ішкі-14, сыртқы-10). Орнатылған турникет саны – 1.

Оқу, көркем және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (17-қосымша):

Мектептің кітапханасында 22,6 шаршы метрді құрайтын кітапхана бар, оның ішінде орын саны-11. Жалпы қор (мектеп оқулықтарын, көркем әдебиетті, кітапшаларды, журналдарды қосқанда) (мың экз)-16785 дана мен қамтылған. Көркем әдебиет – 9605 дана. Электрондық оқулықтар саны- 224. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және тиісті деңгейдегі білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне шаққандағы, оның ішінде оқу тілдері бойынша оқу әдебиетінің қоры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №216 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі  ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесіне сәйкес келеді.


Қорытынды: МЖМБС-ның 2-қосымша, 2-тарау, 26-тармағы, 3-қосымша, 2-тарау, 36-тармағы 4-қосымша, 2-тарау, 29-тармағы  талаптарына сәйкес келеді.

3. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар

1)

Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемінің сәйкестігі және сақталуы

Талдау нәтижелері бойынша: үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік компонентінің орындалуын растайтын 2021-2022 оқу жылына арналған сабақ кестесі, жұмыс оқу жоспары жинақталған, электронды журналдар толтырылған, сағат сандары оқу жоспарына сәйкес келеді. Бағаланатын кезеңнің оқу жылдарында оқушылардың апталық инварианттық және вариативтік компоненттегі оқу жүктемелері "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген максималды көлеміне сәйкес. Ағымдағы оқу жылында мектептің апталық жүктемелері 1 сыныпта - 22,5 сағат, 2 сыныпта - 24 сағат, 3 сыныпта -27 сағат, 4 қазақ сыныптарда - 26 сағат, 4 орыс сыныптарда - 28 сағат, 5 сыныпта - 31  сағат, 6 сыныпта -31  сағат, 7 сыныпта -  32 сағат, 7 орыс сыныбында-34, 8 қазақ сыныбында – 33 сағат, 8 орыс сыныбында-35 сағат,  9 сыныпта -     34 сағат, 9 орыс сыныбында-36 сағат, 10 ҚГБ сыныпта - 29   сағат,10 ҚГБ орыс сыныпта– 32, 10ЖМБ сыныпта -33  сағат, 10ЖМБ орыс сыныпта – 36, 11 ҚГБсыныпта -  35 сағат, 11 ҚГБ орыс сыныпта – 35, 11 ЖМБ сыныпта - 35  сағат, 10 ЖМБ орыс сыныпта – 4 1 сағат болып бекітілген.   Осылайша, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарыкөлеміне қойылатын талаптардан аспайды.


Қорытынды: МЖМБС-ның 2-қосымша, 3-тарау, 40-тармағкы, 3-қосымша, 3-тарау, 54-тармағы, 4-қосымша, 3-тарау, 48-тармағы және ЖББ ҮОЖ-ның талаптарына сәйкес келеді.

2)

Білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ЖББ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы

Талдау нәтижелері: осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу мынаны көрсетті:

осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу мынаны көрсетті:

Мектептің бағаланатын кезеңнің оқу жылдарына арналған үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік компонентінің орындалуын растайтын сабақ кестелері, жұмыс оқу жоспарлары жинақталған, электрондық журналдар толтырылған, апталық және жылдық оқу жүктемелері үлгілік оқу жоспарында белгіленген сыныптар бойынша сәйкес, талаптар сақталған. Апталық және жылдық оқу жүктемелері инвариантты және вариативті компоненттер бойынша үлгілік оқу жоспарымен анықталған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтиды. Бағаланатын кезеңнің оқу жылдарында білім алушылардың инвариантты және вариативті компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектептің оқу жұмыс жоспарларында, сонымен қатар сабақ кестелерінде, сынып журналдарында белгіленген. 

Осылайша, білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес келеді.


Қорытынды: МЖМБС-ның 2-қосымша, 3-тарау, 41-тармағы, 3-қосымша, 3-тарау, 49-тармағы және ЖББ ҮОЖ-ның талаптарына сәйкес келеді

3)

Сыныптарды, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау

Талдау нәтижелері:осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу төмендегіні көрсетті:

Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығына сәйкес  бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп құрылған оқу жұмыс жоспарларында, сабақ кестелерінде, сынып журналдарында топқа бөлу қарастырылған. Сыныпты екі топқа бөлу аудандық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық болғанда екі топқа бөлу жүзеге асырылған. Атап айтсақ, бастауыш білім беру деңгейінде:

  1. Қазақ тілі орыс сыныптарда;
  2. Орыс тілі қазақ сыныптарда;
  3. Шетел тілі;
  4. Цифрлық сауаттылық;
  5. Өзін-өзі тану

Негізгі білім беру деңгейінде:

  1. Қазақ тілі;
  2. Орыс тілі мен әдебиеті;
  3. Шетел тілі;
  4. Көркем еңбек;
  5. Информатика;
  6. Дене шынықтыру.

Жалпы орта білім беру деңгейінде:

  1. Қазақ тілі;
  2. Орыс тілі мен әдебиеті;
  3. Шетел тілі;
  4. Информатика;
  5. Дене шынықтыру.


Қорытынды: МЖМБС-ның 2-қосымша, 3-тарау, 42-тармағы, 3-қосымша, 3-тарау, 57-тармағы, 4-қосымша, 3 тарау, 51,51-1-тармағы және ЖББ ҮОЖ-ның талаптарына сәйкес келеді. 

2)

2,3,4 сыныптар үшін оны орындау мүмкіндігін ескере отырып (астрономиялық сағаттарда) үй тапсырмаларына қойылатын талаптарды сақтау.

Талдау нәтижелері: белгіленген өлшемшартқа сәйкес талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу мынаны көрсетті: 

Бағаланатын кезеңнің оқу жылдары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес мектептің сынып журналдарындағы үй тапсырмаларына қойылатын талаптардың сақталуы тексерілді. Білім алушыларға үй тапсырмалары берілген, сынып журналдарына белгі қойылған, 2-сыныпта 50 минуттан, 3-4 сыныптарда 1 сағат 10 минуттан (астрономиялық сағатта) аспайтыны анықталды.  

Үй тапсырмасын ұйымдастыру кезінде келесі бөлімдер дұрыс сақталғаны анықталды:

-  сабақ кестесіне сәйкес пәндер бойынша үй тапсырмасы болды және көлемі сақталды;

-  бірнеше оқу мақсаттары негізінде оқу жобалары түрінде жеке пәндер бойынша үй тапсырмасы ұйымдастырылды;

-  шығармашылық үй тапсырмасын орындау мерзімі (мысалы, макет жасау, жоба дайындау, сценарий жазу, қызықты оқиға, өз ертегіңіз) кемінде бір апта ішінде және бір оқушыға айына бір тапсырмадан көп емес;

- бейнелеу өнері, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке даярлық, технология, алғашқы әскери дайындық, алғашқы әскери-технологиялық дайындық және дене шынықтыру пәндері бойынша үй тапсырмалары басқа пәндермен кіріктірілген;

-  оқушы сабақта оқу мақсатына жеткенде («біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «бағалайды» және «синтездейді») үй тапсырмасын орындаудың қажеті жоқ.

- мереке және каникул күндерінде үй тапсырмасын қоймаған;

- бақылау жұмыстарын жүргізгеннен кейін үй тапсырмасын қоймаған;

- бірінші сынып оқушылары (екінші жартыжылдықтан бастап оқу тапсырмалары мүмкін, 20 минуттан аспайтын көлемде) үй тапсырмасын қоймаған;


Қорытынды: МЖМБС-ның 2-қосымша, 4-тарау, 61-тармағының талаптарына сәйкес келеді.

3)

Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы мен жиынтық бағалау талаптарын сақтау.

Талдау нәтижелері: аталған өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу мынаны көрсетті:

Мектептің білім алушыларының білімін бағалау өлшемшарттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13137 болып тіркелген) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақталған.

Мектептің электронды сынып журналдарында ағымдағы бағалардың немесе ағымдағы бағалаудың баллмен, 2-11 сынып білім алушыларында тоқсандық және жылдық бағалардың болуы, сондай-ақ белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы) аяқталғаннан кейін өткізілетін жиынтық бағалауды жүргізу қорытындылары бойынша жиынтық бағалауды және талдауды, оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді/өтпелі тақырыптарды зерделеуді растайтын материалдар жинақталған.     Бағаланатын кезеңнің оқу жылдары бойынша барлық пәндер бойынша білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау дұрыс жолға қойылған.

       Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім алушылардың білімін бағалау критерийлерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бағалау критерийлері білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін өлшеу үшін пайдаланылады. Бағалау критерийлері әрбір оқу бағдарламасы бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес әзірленеді. Мектепте білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды  жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптары сақталмағаны анықталды. Осылайша, бағаланатын кезеңнің оқу жылдары бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау формативті  бағалау толық нысанында жүзеге асырылмайды.


Қорытынды: МЖМБС-ның 2-қосымша, 4-тарау, 62,63,64,65,66-тармағы, 3-қосымша, 4-тарау, 76,77,78,79-тармағы, 4-қосымша, 4-тарау, 82,83,84,85-тармағының талаптарына сәйкес келеді.

4)

МЖМБС талаптарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің (дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу) талаптарын орындау

Талдау нәтижелеріосы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу төмендегіні көрсетті:

2021-2022 оқу жылында денсаулығына байланысты ұзақ уақыт орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балалар үшін үйде жеке тегін оқыту қарастырылған.  Үйде жеке тегін оқыту үшін негізгі баланың денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар.   

         Стандартқа сәйкес: ата-аналардың мектеп директорының атына жазған жазбаша өтініші, ДКК медициналық қорытындысы, №10 орта мектеп-гимназиясында оқу жылының басына психологиялық – медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындылары негізінде 1 білім алушыға үйде тегін оқыту төмендегі оқушыларға ұйымдастырылды: 

  1. 1 сынып оқушысы Карина Атчабарова. Диагноз: ЗПР. Интеллектуальная недостатоточность. 

Нервно - психическое развитие с отставанием в речевом развитиии -ДКК № 121 18.08.2021 ж.  

         ПМПК қорытындысынасәйкесбарлықоқушыларүшіноқытужалпыбілім беру бағдарламасыбойыншажүргізілді. ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылымминистрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығынегізіндеүйдебілімалушыларүшінүлгілікоқужоспарларыанықталды:

- 54-қосымша сәйкес оқытуорыстіліндежүргізілетін үйде оқитын білім алушыларға арналған бастауышбілімберудің (жаңартылғанмазмұнның) үлгілікоқужоспары- 14 сағат-МұратханМадияр 4" Д " сынып оқушысы;

         Жеке үлгілік оқу жоспары негізінде жеке сабақ кестесі құрылды. Кестеата-аналарменкелісілгенжәнемектепдиректорыменбекітілген. Оқушыменбастауышсыныпмұғалімдері

инклюзивтібілім беру бойыншакурстарданөткен.

         Жеке оқужоспарынажәнеұсынылған ПМПК-ғасәйкесоқушыларменсабақкестесінежәнепәндербойыншажекекүнтізбелікжоспарғасәйкесжекесабақтарөткізілген. Өткізілгенсабақтардыңтақырыптарымұғалімдердіңкүнтізбелік-тақырыптықжоспарлауынасәйкескеледі. Апталықжүктемебіркелкібөлінген, күнінеекі-үшпәнненаспайтын, ұзақтығыекі-үшсабақтанаспайтын, яғнибілімалушылардыңмүмкіндіктерінескереотырыпсабақтарөткізілген. Сабақтар 45 минуттан 10 минуттықүзіліспенжүргізілген. Мұғалімдерэлектрондықжурналдаөткізілгенсабақтардыңжазбаларынуақтылыжүргізіпжәнебілімалушылардың даму серпінінтолтырған. Электрондықжурналда 10 балдықжүйебойыншаформативтібағалаужүргізілді. СоңындажиынтықжұмыстардыңнәтижелеріжүргізілдіжәнеҚұнделік электронды журналынақойылды. Жиынтықжұмыстароқытылғаноқумақсаттарыбойыншажекеқұрастырылған.

         

         I және II жартыжылдықтыңсоңындаәрбірпәнмұғаліміүйдеоқитындарменжұмысбойыншаесепберілді. 

         Мектепішілікбақылаужоспарынасәйкесүйдетегіноқытумәселесі 2021 жылғы 11 қазанда және 2022 жылғы 14 ақпанда директор жанындағыкеңестердеқаралған.


Қорытынды МЖМБС-ның 2-қосымша, 4-тарау, 67-тармағының, 3-қосымша, 4-тарау, 80-тармағының, 4-қосымша, 4-тарау, 86-тармағының  талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.

5)

Сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру (бағаланатын кезеңге) қосымша сабақтар кестелерінің көшірмелері, сонымен қатар спорттық, шығармашылық және  мәдени конкурстарға, жарыстарға, фестивальдар мен байқауларға қатысу нәтижелері ұсынуға әзірлеу

Талдау нәтижелері:

Сабақтан тыс жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылымәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрмет бойынша шаралар өткізілді. Үздік эссе конкурстарына 5-9 сыныптар оқушылары қатысты. «Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында челленджге 5-10 сынып оқушылары қатысты. «Мен жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын» атты 1-11 сынып оқушылары арасында спорттық     жарыс өтті.



Қорытынды:Сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарының жұмысы жоғары

6)

Білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер) бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау хаттамаларын дайындау, ұсыну.




Қорытынды:

7)

4,9,11 сыныптардың білім алушыларымен күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау және МЖМБС бекіткен тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалау

Талдау нәтижелері:

4, 9, 11-сыныптардың білім алушыларының оқу нәтижелері  МЖМБС бекіткен тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша оқыту нәтижелері бағаланды.


Қорытынды

5. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар

1)

Тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтау

Талдау нәтижелері: осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған құжаттарды зерделеу мынаны көрсетті:

мектептің жылдық жұмыс жоспарына және МЖМБС талаптарында айқындалған жалпы орта білім берудің базалық құндылықтарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оқу бағдарламалары игеріліп, сақталды.

Мектептің жұмыс оқу жоспары мен сабақ кестелері және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ЖББ ҮОЖ) және МЖМБС талаптары сақталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ЖББ үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын инвариантты компонент пәндерінің базалық мазмұны сақталды.


Қорытынды: МЖМБС-ның 2-қосымша, 5-тарау, 73-тармағы, 3- қосымша, 5-тарау, 96-тармағы, 4-қосымша, 5-тарау, 99-тармағының талаптарына сәйкес келеді.

2)

Сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау

Талдау нәтижелері: осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған зерделеу мынаны көрсетті: 

Мектепте мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта-32 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда 33 оқу аптасын құрайды. Оқу жылының оқу ұзақтығы Kundelik.kz платформасында:

І-тоқсан: 01.09.2021-29.10.2021; 

ІІ-тоқсан: 08.11.2021-29.12.2021; 

ІІІ-тоқсан: 17.01.2022-18.03.2022; 

ІV-тоқсан: 31.03.2022-25.05.2022 көрсетілген. 

Каникул уақыты оқу жылында 3 рет күзде, қыста, көктемде беріледі. 1-сыныптың оқушылары үшін үшінші тоқсанда 07.02.2022-13.02.2022 ж. аралығында 1 оқу аптасы қосымша каникулға берілген. Kundelik.kz платформасында ұсынылған 31 тамыз 2021 жылғы №1 педагогикалық кеңестің хаттамасында каникул уақытының мерзімдері көрсетілген. 

Қаңтарда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты мектеп оқушыларының демалысы 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Сол кездегі меңгерілмей қалған сабақтар 4-інші тоқсанда ұқсас тақырыптармен кіріктіріліп өткізілді. 

Мереке күндері:

2021 жыл: 1 желтоқсан, 16 - 17 желтоқсан.

2022 жыл: 1 - 2 қаңтар, 7 қаңтар, 7 - 8 наурыз, 21 - 23 наурыз, 1 - 2 мамыр, 7 мамыр, 9 - 10 мамыр.

Білім беру ұйымының сыныптар бойынша оқу жылының және каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтайтыны анықталды.


Қорытынды: МЖМБС-ның 2-қосымша, 5-тарау, 74-76-тармағы, 3- қосымша, 5-тарау, 97-98-тармағы, 4-қосымша, 5-тарау, 100-101-тармағының талаптарына сәйкес келеді.

3)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығыМЖМБС 2-қосымшасына сәйкес туғаннан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға  дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының тізбесін игеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалауға қойылатын талаптар

Талдау нәтижелері: осы өлшем бойынша талдау үшін ұсынылған зерделеу мынаны көрсетті: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖМБС 2-қосымшасына сәйкес  1 сыныпқа қабылданғанға дейін балалардың біліктері мен дағдыларының тізбесі бойынша:

- денсаулық сақтау дағдылары;

- коммуникативтік-тілдік дағдылар;

- танымдық дағдылар;

- шығармашылық дағдылар;

- әлеуметтік дағдылар сақталған.


Қорытынды: МЖМБС 2-қосымшасына туғаннан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға  дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының тізбесін игеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалауға қойылатын талаптарына сәйкес келеді.

4)

«Рухани жаңғыру»     бағдарламасын іске асыру шеңберінде     ұлттық салт-дәстүрлер  мен жалпы адами құндылықтарға  негізделген  рухани-адамгершілік дағдыларды  қалыптастыру бойынша (бағаланатын кезеңде  ұйымдастырылған оқу қызметінің  арнайы түзету оқу қызметі)  бөлінуін     растайтын құжаттардың күн тәртібі, бекітілген  өтпелі тақрыптар  мен циклограммаларға  сәйкес перспективалиқ жоспар, оның ішінде  жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері.

Талдау нәтижелері:«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығы негізінде мектептің жұмыс жоспары құрылған.     «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру жөнінде 2021-2022 оқу жылына арналған мектепшілік жоспар құрылып, бекітілген. Осы жоспарға сәйкес,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобалары аясында келесі іс-шаралар атқарылған:

«Туған жер» арнайы жобасы аясында  2021 жылдың 10 қыркүйек  күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің өлкем қандай көркем»  атты сурет байқауы өткізілген.
 
2021 жылдың 1 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Ұстаз – ұлы тұлға» атты тақырыпта  еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылған. 2022 жылдың 16 наурыз күні, «Халық әні-қазынам» атты ән байқауы өткізілген. 

  «Жаңа гуманитарлық білім.Қазақ тіліндегі 100жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында     2021 жылдың 13 қыркүйек күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздерінің мағынасын түсіндіру, насихаттау мақсатында 10 «Б» сынып оқушыларымен «Шыдам мен сабыр – ең күшті қару» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
     2022 жылдың 09 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мұқағали мәңгілі ғұмыр» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа 5-7 сынып оқушылары атсалысты.
 
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында «Қазақстан – мейірімділік мекені» тақырыбында сурет байқаулары өткізілді. Байқауға 1-4 сынып оқушылары қатысты.
 2022 жылдың сәуір айының 12 күні «Бір шаңырақ астында» тақырыбында сурет байқаулары өткізілді. Байқауға 1-4 сынып оқушылары қатысты.            «Қазақстанның сакралды географиясы бағыты» арнайы жобасы аясында 2021 жылдың 22 қазан күні «Қазақстан табиғаты» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде оқушылар бір-бірімен пікір алысып, өз ойларын ортаға салды.
    «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында 2021 жылдың 3 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мен және менің құқығым» атты тақырыпта пікірсайыс ойыны өткізілді. Пікірсайысқа «Жас ұлан» ұйымының белсенді мүшелері қатысты.
 «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында     2022 жылдың 16 наурыз күні, мектебімізде «Берекелі наурыз» атты тақырыпта шеберлер көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға мектебіміздің 180-ден аса білім алушылары атсалысты.

Қорыта айтқанда, бүгінде «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында, 2021-2022 оқу жылына арналған жоспарға сәйкес, арнайы     бағыттар мен жобалар бойынша көптеген іс-шаралар атқарылды. Атқарылған іс-шаралар оқушылардың дуниетанымына мол әсерін тигізді


Қорытынды:

5)

4, 9, 11- сыныптардың арасысында оқу нәтижелеріне  бағалау жүргізу

Талдау нәтижелері:

4, 9, 11-сыныптардың білім алушыларымен күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау және МЖМБС бекіткен тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалау жүргізілді.


Қорытынды:

4, 9, 11- сыныптардың арасысында оқу нәтижелеріне бағалау өтті.