Мемлекеттік қызмет » Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
февраль
2023

Мемлекеттік қызмет

“Е-Өтініш” өтініштерді қабылдау электронды платформасы
2021 жылдың 1-шілдесінен бастап «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілді. «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу үшін NCALayer программасын персоналды компьютерге орнату қажет. NCALayer программасы орнатылған соң, ашылған браузермен «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне кіру үшін қызметкер логинін, паролін енгізеді. Логин, пароль-қызметкердің ЖСН болып табылады. Парольді ауыстыру мүмкіндігі бар. Ақпараттық жүйеде өтініштер тізілімі азаматтардың өтінішін қамтиды.
«Е-өтініш» ақпараттық жүйесі жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар қызметіне жүгінуін жеңілдетеді. Өтініштерге қатысты процестерді цифрландыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе төмендегідей жұмыс жасайды:
- мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының құзыретіне қарай өтініштерді автоматты түрде бөлуге;
- мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдарының арасында сауалдар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға;
- өтініштерді қарауда барлық саты мен мерзім бойынша өтініш берушіні ақпараттандыруға;
- мемлекеттік органдарға, білім беру ұйымдарының түскен өтініштердің бәрінің бірыңғай базасын құруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, «Е- Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс жасап, мемлекеттік органдардың, білім беру мекемелерінің жұмысына баға беруге жол ашатын бірегей жүйе. Жүйе арқылы мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіледі және жұмысты жауапсыз қалдыру ісінің алдын алып, өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін жолға қояды.