«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы » Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы
25
ноябрь
2020

«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы

  Жоңғар Алатауының шығысында, Қытаймен шекараға жақын, айналасын тау қоршаған жерде, әйгілі Лепсі өзенінің екі жағын алып жатқан алқап бар. Ертеректе бұл жерді Абылайханның ұрпағы Бөлен сұлтан мекендеген. Ресей патшасының отарлау саясатына байланысты казак әскерлері жіберіліп, станица құрылып, бекет ұйымдастырылды. Содан 1880 жылы Лепсі уезді құрылды. Бұл жерде орыс байы Пугасов кірпіш, спирт зауыттарын салдырып, басқа да сауда-саттық орындарын құрды. Лепсі балы өте сапалы болып саналған, Лепсіден Санк-Петербургқа патша сарайына жеткізіліп отырған. Сол кездегі кейбір деректер бойынша Лепсіде 33 мың халық тұрған делінеді. 1906 жылы Станичная мектебі, 1907 жылы татар мектебі, 1908-1910 жылдары омарташы Василий Клименко арнайы мектеп ғимаратын салып, онда жоғары бастауыш 4,5,6 сыныптар болған. Қала әкімшілігі мектепті жалға алғанынан жылына 300 рубль төлеген.